Шоу-бизнес

Қадір түнінде бір топ жігіт Әзірет Сұлтан мешітінің алдына жиналды

KZNEWS KZNEWS
Қадір түнінде бір топ жігіт Әзірет Сұлтан мешітінің алдына жиналды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Тұрғындар қадір түнін үйде өткізу ұсынысына түсіністікпен қарап, қойылған талаптарды бұзған жоқ

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Қадір түнінде "Әзірет Сұлтан" алдына 15-ке жуық жас жігіт жиналып, мешітке кіргізуді сұраған. Түсіндіру жұмысынан кейін олар үйлеріне қайтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кеше (19 мамыр – Sputnik) республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің алдында 15-ке жуық жас жігіт жиналды. Олар мешітке кіргізуді сұрады. Біздің имамдар мұндай шектеудің не себепті енгізілгенін түсіндірді. Жастар имамдарды тыңдап, үйлеріне қайтты", – деді діни басқарманың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Сондай-ақ, Қадір түнінде "Нұр Астана" мешітіне тұрғындар келмеген, бірақ кезекші имам онлайн-режимде уағыз оқыған. Айта кетейік, діни басқарма қызметкерлері тарапынан Қадір түніне байланысты арнайы онлайн-бағдарламалар әзірленді.

"Бас мүфти мен еліміздің дін саласындағы ғалымдары Қадір түні Құранды хатым етті, онлайн-режимде уағыз бен пайдалы дәрістер оқыды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар діни басқарма тұрғындардың Қадір түнін үйде өткізу жайлы ұсынысқа түсіністікпен қарап, қойылған талапты бұзбағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қадір түнін үйде қалай өткізу керек – бас имамдар кеңес берді

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталды, қасиетті ай 23 мамырға дейін жалғасады.

2020 жылы пітір садақа мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді.


sputniknews.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz