"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қабір қиратқан күдікті табылды

Қабір қиратқан күдікті табылды

Алматы облысында христиан зиратындағы қабірді қиратты деген күдікпен ауылдың 38 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды KZNEWS.KZ  сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Талғардағы зираттың қиратылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде 8 наурызда пайда болды. Белгісіз біреулер құлпытасты төңкеріп кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Жерлеу орнын қорлады деген күдікпен Талдыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол құлпытасты құлатқанын мойындаған.

"Ол наурыздың басында мас күйде құлпытасқа зақым келтіргенін айтты. Ұсталған азамат мұндай әрекетке не себеп болғанын түсіндіре алмады", - деп хабарлады

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 314-бабы бойынша айыпталып отыр. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты "келу туралы міндеттеме" процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсталған адамға ірі көлемде ақшалай айыппұл, түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу шарасы қолданылады.

(Фото http://Stan.kz сайтынан алынды)

Автор
Еркебұлан