ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин: Ресей Тоқаевты қолдайды

Путин: Ресей Тоқаевты қолдайды





Мәскеуде президенттер жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, БАҚ өкілдерімен брифингке шықты.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы жағдайды түпкілікті қалыпқа келтіру үшін барлығын жасап жатыр. Біз Қазақстандағы өмірдің тұрақты, тыныш бағытқа оралғанын көріп отырмыз. Қоғам ел басшылығының ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған шараларын толығымен қолдайды. Ал біздің тарапымыздан Қазақстан президентін қолдау үшін барлық жағдай жасалады", - деді Путин Кремльдегі келіссөздер қорытындысы бойынша.

Ресей Президенті Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы одан әрі кеңейіп, дами беретініне сенімді.

"Ол үшін барлық объективті жағдайлар бар. Әрине, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі тереңдету перспективалары бүгінгі келіссөздер барысында қарастырған басты тақырыпқа айналды. Біздің елдерімізді дәстүрлі одақтастық және тату көршілік байланыстырады", - деп қосты Владимир Путин.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, оның барысында екі ел арасындағы көпқырлы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын қарастырған болатын.

Автор
Еркебұлан