Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады

Путин қазақстандықты Пушкин медалімен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеевті Пушкин медалімен марапаттады, деп хабарлайды kznews.kz.

Марапаттау рәсімі Халық бірлігі күніне орай 4 қарашада Кремльде өтті.

Сергей Матвеев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қырғыз Республикасының халық іртісі және Ресей Федерациясының “Достық” орденінің иегері. Ол театр мен ұстаздық қызметке 40 жылдан астам уақытын арнаған.

Сондай-ақ Сергей Матвеев – Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік шеберлік және режиссура кафедрасының профессоры, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі және М. Горький атындағы театрдың көркемдік кеңесінің мүшесі.

Шығармашылық жолында ол ондаған рөлдерді сомдап, авторлық қойылымдар сахналады. Соның ішінде марапатқа ие болған “Пушкинмен оңаша” атты моноспектаклімен Қазақстан мен Қырғызстанда өнер көрсетті.

2019 жылы Сергей Матвеев халықаралық мәдени байланыстарды нығайту мен театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Ресейдің “Достық” орденімен марапатталған.

Сол күні Пушкин медалі Өзбекстан азаматы Эльмира Ахмедоваға, Жапониядағы Ресей мәдениеті фестивалінің төрайымы Комаки Курихараға және Германия азаматы, пианист әрі дирижер Юстус Францқа да табысталды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары