«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Путин мен Си Цзиньпин Мәскеуде келіссөз жүргізді

Путин мен Си Цзиньпин Мәскеуде келіссөз жүргізді

Үлкен Кремль сарайының Александр залында кеңейтілген делегациялардың қатысуымен Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында  қозғалған тақырыптар туралы қысқаша:

• Атом энергетикасы нысандарының бірлескен құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде;

• Қазірдің өзінде Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымының үштен екісі рубльмен және юаньмен жүзеге асырылады;

• Мәскеу Қытай бизнесіне Ресейден кеткен кәсіпорындарды ауыстыруға қолдау көрсетуге дайын;

• РФ мен ҚХР «Солтүстік теңіз жолы» жобасы бойынша жұмыс орнын құрады;

• Олимпиадалық қозғалыстың саясиланып бара жатқанын ескере отырып, Ресей Федерациясы ШЫҰ аясында тиісті спорт қауымдастығын құруды қолдайды.

Айтпақшы, 20 наурызда мемлекет басшылары бейресми кездесуде Украинадағы соғыс жағдайын талқылады. Си Цзиньпин «Украина мәселесін» саяси жолмен реттеу идеясын ілгерілетуді жалғастыратынын айтты. Оның айтуынша, келіссөздер арқылы деэскалацияны қолдайтын және «отқа май құюға» қарсы елдер көбейіп келеді.

Қытайдың «бейбітшілік жоспарымен» танысқанын айтқан Путин Ресей тарапының ұсынылған қадамдарға құрметпен қарайтынын және келіссөздер үдерісіне ашық екенін атап өтті.

Автор
Еркебұлан