Қоғам

Президенттің тапсырмасы: Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті

Президенттің тапсырмасы: Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті

Әскери қызметін атқару кезінде ауыр бас-сүйек және ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураның қарауына берілді. Бұл туралы оның отбасына заңгерлік көмек көрсетіп жүрген Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды қайта қарап, жан-жақты зерттеуге кіріскен.

«Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін іс жаңа деңгейде қарала бастады. Біз Ербаянның жағдайы бойынша әділетті шешім шығады және оны осындай күйге жеткізгендер жауапқа тартылады деп сенеміз», – деді Иманбай.

Еске салайық, Ұлттық ұлан бастапқыда сарбаздың жарақатты әскери бөлімдегі дәретханада құлап алғанын хабарлаған. Бірақ Ербаянның ата-анасы бұл нұсқаға күмән келтіріп, тергеудің әділ жүргізілуін талап еткен.

Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында ауыр халде ауруханаға түсіп, оған бес рет ота жасалды. 2024 жылдың басында ол Түркиядағы емінің алғашқы кезеңін аяқтап, Қазақстанға оралған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz