Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президенттің сүйікті ісі: Тоқаев тұлпарларға өз қолымен жем береді

Президенттің сүйікті ісі: Тоқаев тұлпарларға өз қолымен жем береді
Фото: Instagram/tokayev_online

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мамыр мерекесі аясында әр жылдары өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың күтім жағдайымен танысты, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі tokayev_online парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайға Ақжан деген ат қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұлпардың бітім-болмысы ерекше: шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сымбатты әрі жүрісі паң. Президент жылқының зеректігі мен тектілігі оның сырт келбетінен-ақ байқалатынын жеткізді.

Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын Ақалтеке тұқымына жататын құла түсті құлын атқораға қосылған. Оған Ақниет деген есім берілген. Мамандар бұл тұлпардың болашағынан зор үміт күтеді, тіпті халықаралық жарыстарда топ жара алатынын айтып отыр.

Президент Іс басқармасының атқорасында шетелден сыйға келген сәйгүліктер де бар. Атап айтқанда, Қатар елінен тарту етілген араб арғымақтары да осы жерде бапталуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жылқыларға өзі жиі келіп, қолымен жем беріп тұратынын да атап өтті. Ол қазақ халқы үшін жылқының орны ерекше екенін еске салып, «Ер қанаты – ат» деген қағиданы алға тартты. Президент ат спорты мен жылқы шаруашылығын дамытуға айрықша мән беру қажеттігін айтты.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.