Білім

Президенттен қорықпайтын облыс немесе Нәлібаевтың командасы нені ескермеді?

Президенттен қорықпайтын облыс немесе Нәлібаевтың командасы нені ескермеді?
Фото иллюстрация: kznews

Скрин фотодағы мәліметке қарасақ Сыр өңіріне танымал блогер Үйтолған Жарекенің посты бөлісілген. Және де «Әр мектеп 30 лайк пен пікір жазуға!!! Қадағалаңыздар!» деген жазба да таралған.

28 тамыз күні Үйтолған Жареке әкімнің видеосын тіркеп «Үш жылда білім саласында 58.6 млрд теңге үнемделіпті» деп басталатын пост жариялады. Онда мемлекет қаржысы талан-таражға түспей, пысықай кәсіп иелерінің жемсауына айналмауы керектігі жазылып, үнемделген қаржы білім саласының басқа да жыртығын жамауға кететіні туралы айтылған. Көтерген мәселе орынды десек те болады. Постқа 2400 адам лайк басып, 550-ден астам пікір жазған.

Үйтолған танымал блогер, бірақ оның басқа жазбалары 2400 лайк жинамағанын ескерсек, білім саласы туралы постқа "лайк" басыңдар деп белгісіз жақтан ұстаздарға тапсырыс түскені анық секілді.

Мұғалімдерге тапсырма ең бірінші Білім басқармаларынан келетіні анық. Сондықтан облыстық Білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановқа бұл тұрғыда сұрақ көп.

Сырым Итқұловтың постының астына Қызылорда облысының Білім басқармасы аккаунты мұндай тапсырма берілмегенін және де бұл мәселе бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазған.

Әлеуметтік желі бүгінде үлкен идеологиялық күшке айналды. Ол алаң азаматтың абыройын өсіріп те, өшіріп те ала алады. Сондықтан фейсбук не инстаграмда оң имидж қалыптастыру кез-келген өңір басшысының ойында жүретіні анық. Бұл тұрғыда басшылар заң аясында түрлі тәсілдерді қолданатыны да белгілі. Алайда мұғалімдердің ақадал күшін «тегін» пайдалану азаматтыққа жатпайтыны түсінікті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен ұстаздардың тамыз конференциясында мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс екенін айтты: «Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек» – деді Президент.

Бұл сөзді Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та естіген болар. Сондықтан Президентке қарсы шығып, ұстаздарды лайк басу жұмысына жұмылдыртуға жол бермейтіні анық. Десе де Нәлібаев командасының бір шенеунігі Президенттің тапсырмасын пысқырмай тұр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz