2018 жылғы 11 желтоқсан 17:49 38
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.