Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Тоқаев: Ел экономикасы мен қоғамының дамуында Ұлттық құрылтайдың рөлі ерекше

Президент Тоқаев: Ел экономикасы мен қоғамының дамуында Ұлттық құрылтайдың рөлі ерекше

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның соңғы жылдағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті», – деді Президент.

Оның айтуынша, еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал жан басына шаққандағы көрсеткіш Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар деңгейіне жетті. Бұл – бүкіл Орталық Азия бойынша рекордтық көрсеткіш.

Мемлекет басшысы ұлттық қор мен алтын-валюта қорындағы өсімді де атап өтті:

«Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты». Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындап, халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткен. «Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ұлттық құрылтайдың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді», – деді ол. Оның сөзінше, құрылтайда ұсынылған бастамалар негізінде 26 заң қабылданып, қоғамдағы өзгерістерге бағытталған нақты реформалар жүзеге асты.

Құрылтай аясында әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, ойынқұмарлыққа (лудомания) және нашақорлыққа қарсы күрес басталды, ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізіліп, еңбек адамдарының мәртебесі артты.

«Бұдан бөлек біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық. Ұрпақтың болашағына зиян тигізетін кеселдерге барынша тосқауыл қоятын болдық», – деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар, құрылтай мүшелері ішкі саясат саласын ретке келтіру бойынша маңызды бастамалар көтеріп, тиісті құжат әзірлеуге белсенді атсалысты. «Былтыр Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Енді, осы құжатты басымдық ретінде қарап, белсенді түрде іске асыруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.