Түркістан облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен бірнеше адамның қаза табуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды", – деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.