Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент Бердымұхамедов туған күнде "Аркадаг" қонақ үйін ашты

Президент Бердымұхамедов туған күнде "Аркадаг" қонақ үйін ашты

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 29 маусымда Ашғабадта "Аркадаг" қонақ үйінің ашылу салтанатына қатысты. Елде экономикалық дағдарыс тереңдей түскен уақытта түркімен билігі қымбат ғимарат құрылысын аяқтады



Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қонақ үйді Ашғабад қаласы әкімдігінің тапсырмасымен Bouygues Batiment International француз құрылыс компаниясы тұрғызған.

Қонақ үй президент Бердымұхамедовтің ресми атағы - "Аркадаг" деп аталды. Қымбат ғимарат ашылған күні Бердымұхамедов 64 жасқа толды.

Қонақ үйде 14 қабат бар, ғимараттың биіктігі 77 метр.

Бердымұхамедов Түркіменстанды 14 жылдан бері басқарып отыр. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары оны авторизм жүйесін құрып, адам құқықтарын аяққа таптады деп айыптап отыр.

Астанада зәулім қонақ үй ашылған уақытта түркімен халқы экономикалық ауыр дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Елде азық-түлік тапшы, баға қымбат.

Бақылаушылардың айтуынша, Түркіменстанда бас көтерген қымбат қонақ үйлердің дені бос тұр. Жабық Түркіменстанға шетел туристері келмейді.


Автор
Айбар