Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
Қала әкімі мерейтой иесіне әдебиетке, мәдениетке, қоғамдық ой-санаға және антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
Олжас Сүлейменов қазақ поэзиясына жаңа серпін беріп, ұлттық әдебиеттің көкжиегін кеңейтті. Сондай-ақ оның бастамасымен құрылған «Невада–Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті.
Кездесу соңында Дархан Сатыбалды ақынға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.