Қызылордададағы жантүршігерлік жол апаты: Күдіктіге қатысты тың дерек шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Премьер-министр “Жапаров - Қазақстан президенті” деген мемлекеттік хаттама қызметшісін жұмыстан босатты

Премьер-министр “Жапаров - Қазақстан президенті” деген мемлекеттік хаттама қызметшісін жұмыстан босатты
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 17 қазанда Ереванда өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәлімдемесінде болған. Дайын мәтінді оқыған Пашинян сөзін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қазақстан басшысы деп атаудан бастаған.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мемлекеттік хаттама қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешім 19 қазанда белгілі болды. Оның Жапаровты Қазақстан президенті деп қате атаған оқиғамен байланысы болуы мүмкін, алайда бұл ресми расталмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Арменияның «Азатутюн» радиосының хабарлауынша, Гагик Ваноянның қызметтен босатылу себебі ресми түрде жарияланбаған. Үкімет қаулысында да нақты себеп көрсетілмеген. Армения үкіметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеген.

Гагик Ваноян мемлекеттік хаттама қызметін 2022 жылдың желтоқсанынан бастап басқарған. 2026 жылдың тамызында ол бұл лауазымға қайта тағайындалған еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.