Сағымбаев, Әрінов, енді Мырзахметов: күрделі міндет неге Мемлекеттік күзет қызметінен шыққан офицерлерге жүктеледі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Премьер-министр отставкаға кетті

Премьер-министр отставкаға кетті

Судан премьер-министрі Абдулла Хамдок 2 қаңтар күні отставкаға кетті. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, премьер-министр Судан қауіпсіздік күштері Хартумдағы екі шерушіні өлтіргеннен кейін отставкаға кеткен, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Айта кетейік, Суданда қазан айынан бері шерулерде 50-ден астам адам қаза тапқан.

«Мен жауапкершілікті өз мойныма алып, премьер-министр қызметінен кететінімді жариялаймын», - деді Хамдок теледидардан сөйлеген сөзінде.

Судан әскерилері 25 қазанға қараған түні уақытша үкіметтің бірқатар министрлерін, соның ішінде Хамдокты ұстады. Содан кейін Судан армиясының генералы Абдель Фаттах әл-Бурхан ел халқына арнаған үндеуінде елде төтенше жағдай енгізілгенін, министрлер кабинеті мен егемендік кеңесті таратқанын хабарлады.

Бір айдан кейін Хамдокты билікке қайтару туралы келісім жасалды.

Автор
Нұрсұлтан