"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Португалия аза тұтуда: Жорже Кошта өмірден озды

Португалия аза тұтуда: Жорже Кошта өмірден озды

Португалия футболының әйгілі өкілі Жорже Кошта 5 тамыз күні жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

53 жастағы маман соңғы жылдары "Порту" клубының спорттық директоры қызметін атқарып жүрген еді.

Қайғылы оқиға клубтың жаттығу базасында болған. БАҚ өкілдеріне сұхбат бергеннен кейін өзін жайсыз сезінген Кошта ауа райының тым ыстық болғанына шағымданып, есінен танып қалған. Ол бірден ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Португалиялық клуб әлеуметтік желіде Коштамен бірнеше қоштасу постын жариялады.

Жорже Кошта — "Порту" клубының түлегі, 1992-2005 жылдар аралығында негізгі құрамда өнер көрсетті. Осы кезеңде командамен бірге сегіз мәрте Португалия чемпионы атанып, 2003 жылы УЕФА Кубогын, 2004 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ол португал футболында айрықша із қалдырған тұлғалардың бірі саналады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.