Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Польшада қазақстандық жас баланы атып кетті: Іс сотқа тапсырылды

Польшада қазақстандық жас баланы атып кетті: Іс сотқа тапсырылды

Польшада қазақстандық жеткіншекті атып өлтірген қылмыскердің ісі сотқа өтті.

Аңшы мылтығымен адам атып жүрген 52 жастағы Дариуш Ч. бұрын полицей боп қызмет еткен, аңшылықпен айналысатын зейнеткер, деп жазады Dziennik Wschodni басылымы.
Қылмыскер бұған дейін Польшада біршама жеңілдіктер қарастырылған көгілдір карта иегері болған. Ол Ополе-Люблинск әскери құрамында қызмет етіп жүргенде аңшы мылтығын қолдануға рұқсат алған. Поляк басылымының жазуынша, Дариуш Ч. көбіне ызақор, өктемшіл кісі ретінде танылған.
Дариуш Ч. нысананы анықтамастан аңшы мылтығымен оқ атып, аңшылық талапты бұзғаны үшін айыпталады. Ол мылтық кезенген кезде нысанаға алынған адам болуы мүмкін екенін сезе тұрып оқ атты,
дейді Люблин қаласының прокуроры Агнеша Кемпка.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылы 2 қарашада Польшаның Ключковица елді мекеніндегі алма бақта болған. Халықаралық білім алмасу бағдарламасы бойынша Станислав Конарский атындағы колледжде оқып жүрген шығысқазақстандық Исмаил есімді студент белгісіз біреулердің атқан оғынан оқиға орнында көз жұмды.
Автор
Айбар