KZNews.kz
Қоғам

Полиция Nazarbayev University-де зорлау жағдайлары болғанын айтқан бойжеткеннің бейнеүндеуін тексеруде

KZNEWS

Полиция қызметкерлері Nazarbayev University-де студент қыздарға қысым көрсету және зорлау жағдайлары болғанынан хабардар екенін айтқан бойжеткеннің бейнеүндеуін тексеруде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі жазылған видео анықталған. "Ол Nazarbayev University-дің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді. Бұл бейнежолдау "Есіл" ауданының полиция басқармасында тіркелді", - делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері қазір тексеру жұмыстарын жүргізуде.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары