"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

полиция 40 адамды іздеп жатыр

полиция 40 адамды іздеп жатыр

Министр тәртіп сақшылары мұндай адамдарды денсаулық сақтау министрлігінің сұрауы бойынша іздейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирусты жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 40 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Полиция инфекция жұқтыруы мүмкін деген адамдарды медицина мекемелеріне жеткізу шарасын қолға алды. Біз мұндай адамдарды денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша іздейміз. Қазіргі кезде осы санатқа жататын тағы 40 адамның жүрген жері анықталып жатыр", - деді Тұрғымбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда министр халыққа үндеу жолдап, қазіргі шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

"Қазіргі кезде әлемнің бәрі қатаң оқшаулауда өмір сүріп жатыр. Көп адам болатын жерге бармаңыздар! Үйден шықпаңыздар! Қазіргі кезде тәртіп пен сақтық шараларын сақтаған аса маңызды. Режимді бұзатындар өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдарға да, алдымен, жақындарына қауіп төндіреді. Сондықтан полиция мен дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймын", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан