Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Полицей формасын киіп, «табыс таппақ» болған қазақстандық ұсталды

Полицей формасын киіп, «табыс таппақ» болған қазақстандық ұсталды

22 жастағы семейлік полицей формасын киіп, видео түсірген



Қазақстан азаматы полиция қызметкерінің формасын киіп, автокредит жарнамалағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kznews.kz.



ПД мәліметінше, Абай облысында 22 жастағы семейлік полицей формасын киіп, жеңілдетілген автонесиелеуді жарнамалаған видеоролик түсірді. Алайда оның актерлік шеберлігін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады.

«Тексеру барысында оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ол жарнамалық видеосы үшін айыппұл арқалады, ал формалық киім тәркіленді.

Ресми форма мен айырым белгілерін заңсыз пайдалану – құқық бұзушылық! Мұндай «эксперименттер» үшін айыппұл салынып, форма тәркіленеді», - делінген ПД хабарламасында.





Автор
Нұрсұлтан