"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Pfizer"-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар ма?

"Pfizer"-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар ма?

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында "Pfizer"-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар-жоғын айтты, деп хабарлайды  kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

"Pfizer" екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан болатын. Бұған Қайрат Боранбаевтың ұсталуы себеп болған жоқ па?", – деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан.

"Неге біреудің дүниесіне жабысамыз", - деп вице-премьер Pfizer вакцинасын салғызғысы келетіндерге ренжіді.
"Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың компаниясының айналасында (...) "Спутник" вакцинасына байланысты ғой. Сондықтан "Pfizer"-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде "Pfizer"-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцинаны алуға толықтай мүмкіндік беріп отырмыз", –  деді Ералы Тоғжанов.

Автор
Еркебұлан