Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты

Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты

Петропавлда лифт тросы үзіліп, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"4 қарашада Петропавлдың Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, 8-ші қабаттың биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген хабарламада.

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Автор
Нұрсұлтан