Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Петр Порошенко Украинадағы әскери жағдайды тоқтатты

Петр Порошенко Украинадағы әскери жағдайды тоқтатты

Петр Порошенко Украинада енгізілген әскери жағдайды тоқтатты. Бұған 31 наурызда өтетін президент сайлауы себеп болған.

Осыған дейін мемлекет басшысы Украинада әскери жағдайды бір жылға дейін ұзартуды көздеген болатын. Бірақ, парламенттегі қарама-қайшы пікірлерден кейін ол райынан қайтты. Бұл жағдайға қатысты Пётр Порошенко: «Украина Азов теңізіндегі порттар мен әскери кемелерінен ешқашан бас тартпайтынын тағы да қайталап айтамын. Халықаралық заң да, құқық та біздің жақта. Осы қолдау арқылы барлық дипломатиялық қадамға бара аламыз. Егер алдағы сайлау болмағанда Жоғарғы Рададан әскери жағдайды созуды сұрайтын едім. Бірақ, әскери тәртіп кезінде ел қауіпсіздігін қорғау үшін көптеген игі істер жасадық», – деді.

Еске сала кетейік, 25 қарашада Ресей арнайы жасағы Азов теңізінде Украина әскери теңіз күштеріне тиесілі үш бірдей кемеге шабуыл жасап, басып алған болатын. осы жағдайдан соң Украина президенті Петр Порошенко елде бір айға әскери жағдай енгізген.

"The Qazaq Times"

Автор
Санжар