Адвокаты Асланбек Давлетьяров ақпаратты растағанымен, істің мән-жайын толық ашпады.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 14 қарашасында Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгені, Палестинаға жиналған 200 млн теңгені және тағы да түрлі қайырымдылық акцияларынан түскен қаржыны жымқырды деген айып тағылған. Тергеу дерегінше, ол жалпы 3,5 млрд теңгеге жуық қаржыны иемденген.
Сот үкімі бойынша оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Іспен бірге сотталған Ғайни Алашбаева 7 жылға түрмеге кесілген еді.