“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Педофил 10 жастағы көкшетаулық қыздың жалаңаш суреттерін алып қорқытқан

Педофил 10 жастағы көкшетаулық қыздың жалаңаш суреттерін алып қорқытқан

10 жастағы көкшетаулық қыз Instagram арқылы жалаңаш суреттерін жіберуге мәжбүр болыпты.


Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 24 қараша күні жергілікті тұрғын Көкшетау полиция бөліміне келіп арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның 10 жасар қызын алдап, интимді сипаттағы суретке түсіртіп, Instagram арқылы жіберткен екен.

Тексеру барысында анықталғандай, ер адам қызды жалаңаш күйде суретке түсуіне көндіріп, өзіне жібертіп алған. Артынан тағы да интимді сипаттағы суретке түсіп, жібермесе қолындағы суретті әлеуметтік желіге салып, таратып жіберетінін айтып, қорқытқан. Оған дәлел – олардың алмасқан хаттары.


Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция ол суретті жіберуге мәжбүрлеген адамның жеке басын анықтап жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ата-аналардың балаларына нені қарап, нені оқып жүргеніне мән беріп, қадағалауын сұрайды.
Автор
Еркебұлан