«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Педагогтерге арналған конкурс жарияланды

Педагогтерге арналған конкурс жарияланды

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерге арналған конкурс жариялады.

Министрліктің хабарлауынша, республикалық педагогикалық шеберлік конкурсында арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтері анықталады.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, қатысушылар бес номинация бойынша сынға түседі. Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.

Конкурсқа арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады. Бірінші кезеңде қатысушылар сабақтың бейнежазбасын конспект жоспарымен қоса ұсынуы керек. Екінші кезеңде кәсіби қызмет туралы портфолио, әдістемелік жүйелер және жұмыс тәжірибесі туралы презентация дайындайды.

Айта кетейік, байқау жыл сайын өткізіледі. Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады. Толық ақпаратты сілтеме арқылы сайттан алуға болады.

Автор
Еркебұлан