KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Павлодарда жол апатынан екі адам көз жұмды

• Азамат Қойшығара
Павлодар облыстық ПД

Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. Жол апатының мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды kznews.kz.

Аққулы ауданы Шарбақты ауылы маңындағы автожолда  Lada Гранта және Газ-33023 жеңіл көліктері соқтығысып, апат салдарынан екі адам көз жұмған.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, екі автокөлік автожолда соқтығысқан.  Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханада көз жұмды, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта жол апатына түскен көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауды, қозғалыс қарқынды учаскелерде абай болуды және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертеді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →