Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында 8 адамның өмірін жалмаған ірі жол апаты болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының 50-шақырымында бүгін тіркелген.

Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысып, олардың бірі жанып кетті. Апат салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін.

Ведомствоның хабарлауынша, апат кезінде ауа райы қолайлы болған, жолдың жағдайы да жақсы, көру мүмкіндігі шектелмеген. Қазір оқиға орнында полиция, жедел тергеу тобы және төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталмақ. Полиция жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде кез келген қателік адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, жараланған төрт адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, барлық қажетті медициналық тексерістер жүргізіліп, ем қабылдап жатыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz