Коронавирусты жұқтырған соңғы павлодарлық науқас елордада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ресми түрде бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр. Бірақ коронавирус инфекциясын анықтау бойынша күнделікті жүргізілген зерттеулердің көп болуына байланысты, осы науқастың талдамасы Павлодар облысына жіберілді», - делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 науқас тіркелді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 336-ға жетті деп айтылған еді. Ауру жұқтырған бір науқас Павлодар қаласында тіркелді деген хабар таралған.
stan.kz