"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда үшінші қабаттан құлап кеткен кішкентай бала аман қалды (видео)

Павлодарда үшінші қабаттан құлап кеткен кішкентай бала аман қалды (видео)

Павлодарда кішкентай бала тұрғын үйдің 3-қабатының терезесінен құлап кетті. Абырой болғанда, ол аман қалды. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті, деп жазады Stan.kz.

  Instagram желісіндегі ti.pavlo тобында жарияланған видеода куәгерлер Павлодарда кішкентай баланың үшінші қабаттан құлап кеткенін түсіріп алған. Терезеден құлап кеткен бала тұрғын үйге жанама салынған құрылыстың шатырына құлады. Ол аман қалған. Видеода баланың жылап отырғаны, ересектердің оны құтқаруға тырысып жатқаны байқалады.   Павлодар қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Бүгінде тексеріс жүргізіліп жатыр. “Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық. Ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – деп полиция департаментіндегілер.  

Источник: Stan.kz

Автор
Жандос