Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлаған мұз кесегі әйелдің басына тиіп, оны жарақаттады. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға 8 шілдеде болған. Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда сәбиі отырған арбамен тротуармен кетіп бара жатқан әйелдің басына жоғарыдан мұз кесегі құлағаны көрінеді. Соққыдан әйел жерге құлап, арба пандуспен төмен қарай сырғып кеткен. Соған қарамастан анасы орнынан тұрып, баласының соңынан жүгірген. Кейін оған өтіп бара жатқан адамдар көмек көрсеткен.
Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, басындағы жараға тігіс салынды.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір бейнежазбалар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынуда. Оқиғаға қатысы бар адамды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тергеу жалғасып жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.