KZNews.kz
Қаржы

Павлодарда салынбаған зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған

Жарқын Омаров
Фото: tengrinews.kz

Жоғары аудиторлық палата тұрағасы Әлихан Смайылов жеңілдетілген қаржыландыру шарттарына сәйкес келмейтін жобалар да жиі қолдау алып отырғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, мұның барлығы жалпы кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының қолжетімділігін қиындатады. Қолдау көлемдері бойынша да бірқатар сұрақ бар.  Аудиттің бағалауынша, жекелеген жобалар бойынша қаржыландыру көлемі асыра көрсетілген.Шығыстар жеңілдікпен берілетін кредиттің мақұлданған сомасына сәйкес келтірілген. 

"Құқықтық тұрғыдан қарасақ, талап етілетін жобалық құжаттама бар, кредиттер өтелуде.Алайда артық қаражат басқа жобаларға бағытталуы мүмкін еді. Құнын дұрыс есептемеу салдарынан тек бір жоба бойынша 20 млрд теңге немесе қарыз сомасының 16%-ы игерілмей, күші жойылған.
Мемлекеттік қолдау көрсетілген кезеңде кейбір бизнес субъектілері меншік иелеріне дивидендтер төлеген жағдайлар анықталды. Бұған шектеу қарастырылмаған", - деді ол.

Айтуынша, мемлекеттік қолдау сомасынан асатын мөлшерде дивидендтердің төленуі алаңдатады.

"Жобаларды қаржыландыру кезінде қаражатты түпкілікті алушыларға дейін жеткізудің ұзақ уақытқа созылу фактілері орын алған. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін қарсы міндеттемелер белгіленуі тиіс. Олар орындалмаған жағдайда қаражат қайтарылуы қажет. Алайда мұндай міндеттемелер барлық жерде көзделмеген. Нәтижесінде, мысалы, Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңгеге инженерлік желілер тартылған", - деді Бәйменов.

 

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары