1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда ҚМА танымал өнімдердің қаптамасына салынған есірткіні анықтады

Павлодарда ҚМА танымал өнімдердің қаптамасына салынған есірткіні анықтады
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізген. 

А.З.Ф. тамақ өнімі кейпінде есірткі заттары араласқан көкнәр тұқымын заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны анықталды.

Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан, олардың арасында жеткізу, сақтау, өлшеп-орау және өткізу рөлдері бөлінген.

Жеткізілім басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жүзеге асырылған. Өнім тамаққа қосатын көкнәр мен дәмдеуіштер ретінде сатылып келген.

"Тінту барысында өлшеп-оралған есірткі заттарының қоспалары тәркіленді. Қаражат қолма-қол ақшамен де, банктік аударымдар арқылы да түсіп отырған", - деп хабарлады ведомство.

Есірткінің заңсыз айналымынан түскен табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алған, олар нақты иесін жасыру мақсатында үшінші тұлғаларға рәсімделген.

Сот шешімі

Сот үкімімен А.-ға және оның екі сыбайласына әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді. Сонымен қатар, есірткі заты араласқан салмағы 321 килограмм көкнәр тұқымының партиясы жойылды. Үкім заңды күшіне енді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.