Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды

Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды
Жалпы бұл жәндікке деген павлодарлықтардың құрметі бөлек.

Темірден соғылып, тұғыры бетоннан құйылған инелікті гүлзардың үстіне қондыру жоспарланған.

Мүсіншілер мұндай жұмысқа қаржы көп кетпейді дейді. Ал тапсырысты саябақты абаттандырып жатқан мердігер фирма берген.

Тіпті инелікті қаланың символына айналдыру керек деген бастама да көтеріп жүр. Өйткені жаз шыға Ертіс өңірінің халқы қансорғыш жәндіктерден зардап шегеді. Маса-шіркейлерді жоюға  бюджеттен қыруар қаржы да бөлінеді.

Бірақ атқарылған жұмыс тиімділігін көрсете бермейді. Тек инелік шыққанда ғана зиянкестердің көзі жоғалады. Мәселен, бір инелік екі сағатта 40 шақты шыбын-шіркейді жояды екен.
Автор
Нұрсұлтан