Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодарда балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен балабақша қызметкері сотталды

Павлодарда балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен балабақша қызметкері сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкім шықты. Ол 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасаған kznews.kz тілшісі хабарлайды

Ведомствоның мәліметінше, айыптау тарапы сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін — оларды ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтіргенін анықтаған.

"Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлармен неғұрлым ауыр айып тақты", - делінген хабарламада.

17 сәуірде сот үкімімен балабақша қызметкері 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сотталушы жазасын жазасын кейін өтейдә.

Сондай-ақ ол 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу тыйым салынған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.