Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысының бұрынғы әкімін үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Павлодар облысының бұрынғы әкімін үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Болат Бақауов мамырға дейін үйқамақта отырады, оған билік пен өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі 13 мамырға дейін ұзартылды.

"Павлодардың мамандандырылған тергеу судьясының қаулысымен жедел-тергеу тобы жетекшісінің Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімін үш айға (2020 жылдың 13 мамырына дейін) дейін ұзарту жөніндегі өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.  

Болат Бақауовқа қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімінің 3-тармақшасы (Өзінің, өзгелердің немесе ұйымдардың пайдасы үшін билік пен лауазым өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша айып тағылып отыр.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі биылғы жылдың қаңтарында екі айға қамауға алынды. Бірақ ақпанда денсаулығының нашарлауына байланысты тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылған еді.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысының әкімі "мемлекеттік тілді қорғамай жүр" деген сынға жауап берді


sputniknews.kz
Автор
Әлихан