"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысындағы ер адам екі ауылды "карантинге жапты" - Қазақстан жаңалықтары

Павлодар облысындағы ер адам екі ауылды "карантинге жапты" - Қазақстан жаңалықтары

Ер адам Павлодар облысының ауылдарында карантин енгізілгені туралы жалған хабар бергені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, 29 наурызда ұсталған адам WhatsApp мессенджерінде "Южный және Баянауыл ауылдары 10 күнге карантинге алынды" деген хабарламаны таратқан.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған. Осыған сәйкес Баянауыл ауданының полиция қызметкерлері дыбыстық хабарламаның авторын анықтады. Ол 1974 жылы туған ауыл тұрғыны болып шықты", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған адамның айтуынша, ол дауыстық хабарламаларды үйде жазып алып, оны "Сыныптастар-74" тобына жіберген. Хабар достардың тар шеңберіне арналды.

"Ер адамға қатысты ҚР АКК-нің 478-бабы" төтенше жағдай кезінде тәртіпті бұзуға ықпал ететін іс-әрекеттер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Баянауыл аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді облыстық филиалдың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ер адам жалған ақпарат үшін облыс тұрғындарынан кешірім сұрады.


stan.kz
Автор
Еркебұлан