KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Павлодар облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

• Жарқын Омаров
Фото Depositphotos.com

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомство мәліметінше, «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» заңды тұлғалар бірлестігіне тиесілі ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі электр желілеріне тиіп кеткен.

Ұшақ бортында екі адам болған. Олардың бірі қаза тапты. Екінші ұшқышты Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері ұшақтан шығарып алған. Қазіргі уақытта оның есі дұрыс.

Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға қолданыстағы заңнамаға сәйкес министрліктің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тарапынан тексеріледі. Оқиға орнына ведомство қызметкерлері жіберілген.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →