ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында мектеп автобусы өртеніп кетті

Павлодар облысында мектеп автобусы өртеніп кетті

Павлодар облысында тасжолда оқушылар тасымалдайтын автобус өртеніп кетті. Оқиға кезінде көлікте 6 бала болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тасжолда болғанын хабарлады.

https://www.instagram.com/p/CX03vIajwvQ/?utm_source=ig_embed&ig_rid=74d01571-a22e-4b5f-904d-1929c0ffd7d5

"Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель толық жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен 6 бала эвакуацияланды", - деді ведомство өкілі.


Сондай-ақ, оқиға кезінде көлікте болған өртсөндіргіш қолданылмағаны нақтыланды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқушылар зардап шеккен жоқ. Әлеуметтік желілерде куәгерлер оқиға орнындағы видеоларды жариялады. Видеодағы жазбада тәлімгердің жүргізушімен бірге отырғаны, ал балалар өздері есікті ашып, секіргені айтылады. Бірақ облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған жоқ.
Автор
Нұрсұлтан