"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды

Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды

Павлодар облысында көлік апаты болып, үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Көлік апаты « Ленинский-Русская поляна» тасжолында болды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 31 шілде күні 17:30-да «Volkswagen Passat» пен «Toyota Carina» маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында үші адам мерт болды.

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы және Ертіс аудандық ауруханасынан медициналық бригада барды. Үш адам қайтыс болды: 51, 49 жастағы әйел, 52 жастағы ер адам», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Одан бөлек тағы үш адам — 1961 және 1971 жылғы ер адам мен 1960 жылғы әйел жапа шеккен. Екі жүргізуші мен жолаушыларды түрлі жарақатпен Ертіс аудандық ауруханасына жеткізген.

Автор
Айбар