Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар – Астана автожолында ірі жол апатынан бес адам қаза тапты

Павлодар – Астана автожолында ірі жол апатынан бес адам қаза тапты
Павлодар облысы ПД

Павлодар облысында жүк көлігімен соқтығысқан жол апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаменті.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні «Павлодар – Қызылорда» автожолында (Павлодар – Астана автобаны), Байет ауылынан бес шақырым қашықтықта болған.

Toyota Lucida автокөлігінің жүргізушісі жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан көлік Sitrak жүк көлігімен соқтығысып, жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.

Апат салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жолда жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде ерекше мұқият болуды және автокөліктің техникалық жағдайын үнемі қадағалауды ескертеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.