«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Парламент Президент туралы Конституциялық заң жобасын қабылдады

Парламент Президент туралы Конституциялық заң жобасын қабылдады
Фото: parlam.kz

Парламенттің бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

"ҚР Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы үстіміздегі жылдың 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленді.  

"Конституциялық заңның жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің және Вице-Президентінің құқықтық жағдайын айқындайды.Заң жобасы 8 тараудан және 43 баптан тұрады және қолданыстағы Конституциялық заңмен белгіленген құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарының мирастық сабақтастығын сақтап қалды. Сонымен қатар, заң жобасын 2026 жылғы Конституцияның ережелеріне бейімдеуден және жаңа мемлекеттік билік институттарын құруға байланысты нормаларды енгізуден басқа, алдыңғы актіде түзілген өткен нормалар айтарлықтай пысықталып, редакциялық тұрғыдан жақсартылды", – деді Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.

Парламент регламентінің 32-7-тармағына сәйкес бірлескен комиссия конституциялық заңының жобасы бойынша Парламент палаталарының тұрақты комитеттері мен депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын қарайды және қорытады.

"Бірлескен комиссияның қарауына депутаттар тарапынан ұсыныстар түспеді. Мәтін бойынша түзетулер мен ескертулер жоқ, заң жобасы бастапқы редакцияда ұсынылған", – деп атап өтті депутат.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.