Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Парижде "сары жилеттер" мен полиция соқтығысты - Жаһан

Парижде "сары жилеттер" мен полиция соқтығысты - Жаһан

Францияда ереуілге шыққандар саны кемінде 50 мың адамға жетті. "Сары жилет" сегізінші акциясынан кейін Парижде 108 адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 

Сенбіде күндізгі уақытта ереуілге шыққанда париждік мэрияның алдына келіп, Орсэ музейіне дейін жүріп өтті. Сол жерде шерушілер полициямен соқтығысты. Ереуілге шыққандар, көбіне жастар, полицейлерге тас лақтырды. Құқық қорғау органдары бірнеше рет көзден жас тамызатын газ қолданған. 

Сонымен қатар, бұзақылар Сена өзінендегі мейрамхана-қайықты өртеп жіберді. Бірнеше минутта өрт сөндірушілер келіп, өртті ауыздықтады. 

BFMTV телеарнасының мәліметінше, тәртіпсіздіктер Сен-Жермен бульварында да болған. 

Полицейлер рәзіңке оқпен атуға мәжбүр болған. 


© REUTERS

Parisien газетінің хабарлауынша, Франция үкімет басшысының ресми өкілі Бенжамен Гриво шерушілердің министрлік ауласына шабуыл жасалғаннан кейін өз кабинетінен эвакуацияланған. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Мадияр