16 наурызда Қазақстан бойынша коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ал қаланың ірі шахарлары карантинге жабылып, басқа аймақтармен қатынасы қатаң шектелген. Тыйымдар апта өткен сайын көбейіп, қазір қызметке баратын тұрғындарға қатысты мәліметтер әкімдіктің сайтында тіркелген. Stan.kz тілшісі бұған дейін құж-құж қайнаған Алматы көшелерін аралап, суретке түсірді. Ресми тұрғын саны екі миллионға жуықтайтын, облыстан кіріп-жүретін халықты есептегенде үш миллионға жететін Алматыда өмір тоқтап қалғандай.
Жайшылықта кептеліс пен абыр-сабыр жүрген халықтан көз ашпайтын, "Барахолка" атанып кеткен Алматының базарлары да тым-тырыс. Екі аптадан бері сауда тоқтап, бутик иелері үйлеріне тарасқан.
Базарлар қашан ашылып, сауданың қай уақытта жанданатыны әзірге белгісіз.
Қаланың ішіндегі жағдай да көңіл көншітпейді. Тек жұмысы бойынша, дәріхана мен азық-түлік үшін шыққан тұрғындардың қозғалысына ғана рұқсат етілген.
Дайындаған: Жанар Жансейіт
Сәкен Құлман
stan.kz