«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Пандемия кезінде шетелде жүрген қазақстандықтар неге елге қайтарылып жатыр

Пандемия кезінде шетелде жүрген қазақстандықтар неге елге қайтарылып жатыр

Министр Қазақстанның әрбір азаматы қай жерде болғанына қарамастан отанына оралуға құқылы екенін айтты

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирус өршіп тұрған кезде шетелден оралған Қазақстан азаматтары неге елге кіргізіліп жатқаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанның әрбір азаматы қай жерде болғанына қарамастан отанына оралуға құқылы. Кімнің келуі, кімнің келмеуі үкіметтің құзырында емес. Олар біздің азаматтарымыз, оларды қайтару үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз", - деді Абаев брифингте.

Көптеген қазақстандық шетелде қалған азаматтарды елге қайтармай, індет тоқтағанға дейін сол жақта болу үшін қаржылай көмек көрсету ұтымды болмас па еді деген сұрақ қоятын көрінеді.

Тағы оқыңыз: Абаев қазақстандықтарға: жұмыс пен кредитті уайымдамаңыздар

Айта кетейік, елімізде вирус жұқтырған науқастардың саны 204 адамға жетті. Бұған дейін он бес адамның сауығып, тағы бір әйелдің қайтыс болғаны хабарланды. 

16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал елорда мен Алматы карантинге жабылды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан