Қазақстан "+7" кодынан бас тартпайтын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Өзіне-өзі оқ атқан”: Полицей көз жұмды

“Өзіне-өзі оқ атқан”: Полицей көз жұмды
Фото: kaztag.kz

1995 жылы дүниеге келген арнайы мақсаттағы жедел қимылдау жасағының инспекторы әскери бөлім аумағында өзіне оқ атқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лейтенант қызметтік қаруын пайдаланып, бас тұсына оқ атқан. Оқиға орнында болған медицина қызметкерлері оны ауыр халде аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, полиция қызметкері есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған деректі облыстық полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары болған жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеру тағайындалған.

Полицияның алдын ала болжамына сәйкес, қайғылы оқиға қызметтік міндеттерді орындауға тікелей байланысты емес.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.