Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды: әкесі үндеу жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Туған-туыстыстың бәрін жинадық”: Заттыбек Көпбосынұлы әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

“Туған-туыстыстың бәрін жинадық”: Заттыбек Көпбосынұлы әкесіне жантебірентерлік жазба арнады
Фото: видеодан скриншот

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін еске алып, жүрекжарды жазба жариялады. Өнер иесі әкесінің дүниеден озғанына бір жыл толғанын айтып, сағынышын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, анасының өмірден өткеніне 25 жыл болған. Ол ата-анасының мәңгілік мекенде қайта қауышқанына сенетінін айтып, қара шаңырақта олардың рухына арнап ас беріліп, Құран бағышталғанын жеткізді.

«Әке, сіз өмірден өткелі бір жыл болды. Анамыздың бақилық болғанына 25 жыл өтті. Екеуіңіз де біздің мәңгілік сағынышымызға айналдыңыздар. Бүгін қара шаңырақта өздеріңізге арнап ас беріп, Құран оқыттық. Ағайын-туыс, құда-жекжат және сіздерді көзімен көріп, баталарыңызды алған жандардың басын қостық», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Заттыбек Көпбосынұлы ата-анасына Алладан рақым тілеп, олардың жандары жұмақта бірге болсын деген тілегін білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.