KZNews.kz
Жаңалықтар

Өзін "атыраулық хакермін" деп таныстырған блогер шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)

Қайсар Қанат
Коллаж: turkystan.kz

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасы туралы ақпараттарымен танылған, жұрт арасында "атыраулық хакер" аталып кеткен азамат өзіне қатысты айтылып жүрген айыптауларға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, өзіне Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланған. Алайда ол бұл шешімнің ауыр қылмыстармен еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазір мені іздестіріп жатыр. Егер бір күні байланыссыз кетсем, бұл – сол сәтте мені Қазақстанға экстрадициялап жіберді дегенді білдіреді. Ондай жағдай болса, осы парақшада алдын ала дайындалған видео жарияланады. Мен ешкімді өлтірген жоқпын, Интерпол арқылы іздейтіндей қылмыс жасаған емеспін", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзіне қатысты мәселе қаржылық дауға байланысты болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Айтуынша, бұған дейін арызданушыларға прокуратура тарапынан «іс тоқтатылды» деген хабарлама жолданғанымен, қарыз мәселесі түбегейлі шешілмеген.

"Менің ойымша, себеп сол қарызға байланысты болуы мүмкін. Бірақ бұған да күмәнім бар, өйткені бұрын ел ішінде жүргенімде де іздеуде болғанмын. Сол кезде қарыздарды жауып, мәселені біржола шешу үшін қаражат жинамақ болдым, алайда ол жүзеге аспады. Мүмкін, басқа есепшот көрсетілген соң адамдар сенбеген шығар. Бәрі Алланың қалауымен. Егер жазмыш болса, одан қашып құтылу мүмкін емес", – дейді ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары