Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Сенбеңіздер!" – Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

"Сенбеңіздер!" – Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының туыстары ел азаматтарына арнайы үндеу жасап, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жариялады.

Бейнежазбада ол Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында орын алған қайғылы жағдайға бейжай қарамай, қолдау білдіріп жатқан жұртшылыққа алғысын жеткізген. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде тарап жатқан кейбір күмәнді ақпараттарға тоқталды.

"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангельдин ауылында болып жатқан жағдайды естіген шығарсыздар. Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер