KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Өзіме керектіні таптым»: Дархан Мұсаев қуанышты хабар айтты (ВИДЕО)

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, танымал актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жақын күндері жаңа кино жобасын қолға алғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Айтуынша, ол соңғы уақытта Қазақстанның бірнеше өңірін аралап, болашақ туындысына серіктес пен идея іздеп, нарықты зерттеген. Актер алдағы уақытта фильмге қатысты тың ақпараттарды кезең-кезеңімен жариялайтынын жеткізді.

"Ассалаумағалейкүм, ағайын! Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрдім. Өздеріңіз көріп отырғандай, өзіме серіктес іздедім, идея іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, өзіме керектіні таптым. Алдағы уақытта мен осы кинодағы актер жөнінде мәлімдеме жасайтын боламын. Әсіресе басты рөлдегі актер жөнінде өте қызық мәлімдеме жасаймын. Қолдауларыңызды күтемін", – деді Дархан Мұсаев.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →